Қорғаныс министрлігінің полковнигі 47 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді
Фото: polisia.kz
Еліміздің Қорғаныс министрлігінің полковнигі 47 жастағы Астана тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта оқиғаның 8 шілде күні кешкісін Астанадағы әскери қалашықта орналасқан үйде болғаны айтылған. Жәбірленуші мен күдікті бұрын қарым-қатынаста болған.
Полковник қызғаныштан әйелді ұрып-соғып, зорлаған. Жәбірленуші полицияға арызданған.
Астана полиция департаменті 47 жастағы елорда тұрғынының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Арызданушының танысы болған ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29 ақпанда Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталғаны хабарланған.
Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
