Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігіне қарайтын компания басшылығы жарты миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қорғаныс Министрлігіне қарайтын құрылыс компаниясының басшылығы жарты миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ақша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, "Әскери құрылыс" АҚ экс-президенті Е. Тәжиденов пен басқа да ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 11 адам қылмыстық жауапқа тартылды.

"Қылмыстық жауапқа тартылғандардың арасында туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы "Әскери құрылыс" ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты адамдар бар", - деп мәлімдеді ведомство.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасап, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

"Залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта айыпталушылардың ісі сотқа берілді", - делінген хабарламада. 

Талқылау