Қорғаныс министрлігі ұлдарға арналған медициналық тексерісті 14 жастан бастауды ұсынды
Қорғаныс министрлігі ұлдарды медициналық тексерістен өткізуді 14 бастауды ұсынып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ұсынысты қолдап отыр. Сонымен қатар Вячеслав Дудник 2022 жылдан бастап жасөспірімдерді тексеру саны көбейтілгенін айтады.
"Егер қорғаныс министрлігінің бұйрығына өзгеріс енгізілсе, біз бұл сұрақты қолдауға әзірміз. Жасөспірімдерді медициналық тексерістен өткізу деректерімен бөлісеміз. Бұл – әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам", – деп қосты Дудник.
Айта кетейік, бұған дейін сенатта Бас әскери прокуратурдың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев өзіне қол салу фактілері әскерде болады деген қоғамдық пікірді жоққа шығарған еді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ