Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Германиядан гуманитарлық жүк алды

Қорғаныс министрлігіне Германиядан гуманитарлық жүк келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның қарулы күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді.

Гуманитарлық көмекті жіберуші – Германия Федеративтік Республикасының қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту "СК- Фармация" ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.

Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік маскалар эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімге берілетін болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 20 Қазан, 2020 11:43
Талқылау