Қорғаныс министрлігі елімізде «НАТО орталығының» ашылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі "НАТО орталығының" ашылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет Қорғаныс министрлігінің ресми порталынан
Алматыда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің қатысуымен ҚР Қорғаныс министрлігі бітімгершілік операциялар орталығының жаңа конференц-залының ресми ашылуы өтті.
“Орталық Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік құрамдас бөлігін дамыту бойынша оқу орны ретінде 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Оның басты мақсаты – БҰҰ стандарттары бойынша бітімгершілік операцияларға қатысу үшін жеке құрамды дайындау", - деді Қорғаныс министрлігі.
Бір күн бұрын бірнеше қоғамдық беттер бітімгершілік күштердің "НАТО стандарттары бойынша" (БҰҰ стандарттары бойынша емес) оқытылатыны туралы ақпарат тараған еді. Министрлік Қазақстанда "НАТО орталығы" ашылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”