Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі аса ірі ұрлыққа қатысты дауға лауазымды тұлғалардың қатысы жоқ екенін айтты

ҚР Қорғаныс министрлігі телеграм-каналында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның "Әскери құрылыс" құрылыс компаниясының басшылығы жарты миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген ақпаратына түсініктеме берді. Айтуларынша бұл топтың ұрлығына Қорғаныс министрлігі лауазымды тұлғаларының қатысы жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ақша

"Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е.Тәжіденов және басқа да тұлғалар басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты ресми мәлімдемеде ведомство ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша аталған топтың ұрлығына Қорғаныс министрлігі лауазымды тұлғаларының қатысы жоқ екенін айтты.

Деректерге сай қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан "Әскери құрылыс" АҚ-ның қаржылық жағдайы айтарлықтай нашарлап, соған байланысты кредиторлық берешегі қалыптасқан екен.

Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар қатаң шаралар қабылдады: "Әскери құрылыс" АҚ басшылығын толығымен ауыстыру, жалпы ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылауды күшейту жүргізіліп жатқаны да айтылды.

Аталған заңсыз әрекеттерді акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары 2019-2020 жылдар аралығында жасаған.

“Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығының бастамасымен барлық заң бұзушылықтар бойынша жедел-есеп беру және тергеу шаралары қолға алынды.

2022 жылдың басынан бері "Әскери құрылыс" АҚ қызметін реформалау және кредиторлық берешекті өтеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда 100-ден астам компания медиациялық келісімге қол қойды. Кәсіпкерлер алдындағы қолданыстағы кредиторлық берешектің негізгі бөлігін 2023 жылдың соңына дейін міндетті түрде өтеу жоспарлануда", - деді министрлік хабарламасында.

Талқылау