Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әмірбек Тоғысов көз жұмды

Алматыда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, отставкадағы генерал-майор Әмірбек Тоғысов қайтыс болды. Ақпаратты генералдар кеңесі төралқасы төрағасының орынбасары Махмұт Телеғұсов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ол бүгін таңертең 12-ші қалалық ауруханада көз жұмды", - деді Махмұт Телеғұсов.

Оның айтуынша, генерал-майор Тоғысов коронавирус жұқтырған.

Қоштасу 15 шілдеде болады. Әмірбек Тоғысов Кеңсай зиратына жерленеді.

90-жылдары Әмірбек Тоғысов ішкі күштер қолбасшысының орынбасары, қорғаныс министрінің идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Ол 2000 жылы демалысқа шықты.

Кейін "Қазақалтын" тау-кен металлургия концернінің күзет қызметі департаментінің директоры және "Қазақалтын" басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Талқылау