Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

2024 жылдың 15 қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары етіп Сұлтан Камалетдиновты тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Президенттің тағы бір өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
 

Талқылау