Қорғаныс министрінің өкілі әскери міндеттен босатуға қатысты екі басты факторды атады
Қарулы Күштер бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүсимов азаматтар екі фактор бойынша жиі әскерге жарамсыз деп танылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
"Бірінші кезекте, денсаулық жағдайына байланысты өтпей қалады. Екінші басты фактор – психологиялық-эмоционалды сынақтан өтпей қалады", – деді ол.
Ведомство өкілі ата-аналардың балаларын әскерге жіберуге қызығушылығы артқанын айтады. Ол мұны әскерде борышын өтеп келгеннен кейін тегін жоғары білім алу мүмкіндігімен байланыстырады.
"Жедел желіге осы сұрақ бойынша ата-аналары жиі хабарласады. Сосын бізге балаларын жібереді", – деді ол. Әскерден кейін 600-ден астам азамат білім беру жеңілдігін пайдаланды.
Айта кетейік, енді әскери билеттер әскери борышын өтеген адамдарға ғана беріледі.
Талқылау