Оңтүстік Корея жанкүйерлері спортшыларды қолдап Қазақстан туын ұстап шықты
Оңтүстік Корея жанкүйерлері Пхенчхандағы олимпиада ойындарында Қазақстанның мемлекеттік туын желбіретіп, спортшыларға қолдау көрсетті.
Бұл туралы New York Times жазды деп, хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Пхенчхандағы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсеткен Айза Мәмбекова мен Элизабет Тұрсынбаевға қолдау көрсету үшін Сеулден 70-ке жуық адам келіп Қазақстанның туын ұстап тұрды.
Қазақстан спортшыларына қолдау көрсету үшін келген кәрістердің жартысы Sigong Tech компаниясының қызметкерлері. Олар Астанадағы ЭКСПО-2017 павильонын жобалау үшін келісімшарт ұсынған Қазақстанға алғыс білдіру үшін келген.
«Кейбір елдің азаматтары Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін білмейді, ол туралы естімегендер де бар. Мысалы АҚШ-ты бәрі біледі. Сол себепті Қазақстанға қолдау көрсетіп, осындай мемлекет туралы білсін дедік»,- дейді ұйымның менеджері Ха Юн Сун.
Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 15-орынды иеленіп, финалға қатысуға жолдама алды. Ал Айза Мәмбекова, өкінішке орай, келесі кезеңге өтпей қалды.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ спортшыларының киімі желі қолданушыларының күлкісіне қалды
«Шахтер» құрамындағы Қазақстан чемпионы келісілген матч үшін өмір бойына спорттан шеттетілді
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Мақпал Исабекова ақшаның жетегінде кеткен әріптестерін сынап тастады