Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кореядағы емханада қайтыс болды: Қостанайлық келіншек қызын ауру деп алдап, ақша жинаған

Қазақстандық әйел Оңтүстік Корея клиникасында қатерлі ісіктен қайтыс болған жеті жасар қызының денесін ала алмайтынын айтып, халықтан ақша жинаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Мадина Айдан есімді қолданушы осылай деп желіде жалған ақпарат таратып, алаяқтық жасады. Бұған дейін Мадина Айдан өзінің қайғылы оқиғасын жергілікті порталмен бөлісті. Ол кішкентай қызы Инабат онкологиямен ауырғанын айтқан. Оны Оңтүстік Кореяға өз қаражатына апарғанын, алайда емдеу кешіктіріліп, қыз клиникада қайтыс болғанын жеткізіп көмек сұраған. Артынша қыздың денесін алу үшін клиниканың ақшасын беру керек деп өтірік айтқан. Әйел тек қана 685 доллар сұраған. 

Алайда кейінірек Мадина Айданның Инабат есімді қызы және тағы үш баласы бар екені белгілі болды. Бірақ олардың барлығы сау болып шықты. Келіншек сенімді болу үшін ремиссия кезеңінде лейкемиямен шынымен ауырған, Алматы облысының тұрғыны 8 жасар Камилла Реброваның фотосуреттері мен құжаттарын алды. Мадина өзінің байланыстары мен банктік деректемелерін ғана көрсеткен. 

Жанашыр қазақстандықтар Мадина Айданға жоқ қарызды төлеу үшін 970 мың теңге аударған болып шықты. Кінәсін мойындаған әйел барлық жиналған ақшаны Камилла Реброваның ата-анасына апарып, картаны жауып тастады.

Ребровтар отбасы мен еріктілер жиналған қаражатты емделуге мұқтаж балалар арасында қайта бөлу туралы шешім қабылдады.

Талқылау