Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысты қанша адам ұсталды
Ішкі істер министрлігі тергеудің құпия жүргізіліп жатқандығын алға тартып, Қордайда болған жәйт бойынша қанша адамның торға қамалғандығы жайлы ақпарат беруге асықпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов расымен қолға ұсталған адамдар бар екендігін айтты, десек те олардың санын нақтыламады.
"Бірқатар күдікті ұсталғанын растаймын. Қазір Жамбыл облысы сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураның бақылауында", - деді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Ол ҚК-нің 201 бабы бойынша, тергеу жайлы мәліметтерді алдын ала жариялай алмайтындығы жайлы айтты. Десе де алдағы уақытта БАҚ өкілдеріне қосымша хабарлайтынына сөз берді.
"Қазіргі таңда Жамбыл облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері 25-тен аса қылмыстық іс қозғады. Олар - жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу, оған үндеу, алтыдан астам қылмыстық іс - бұзақылық, үшеуі - бөтен мүлікті зақымдау, оны - адам өлтіру, екеуі - адам өміріне қастандық жасау фактілері бойынша қозғалған", - деп қосты ол.
Қазіргі таңда бас прокуратура, ведомствоаралық жедел тергеу тобы бірлесе сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Аталған істі ІІМ өз қадағалауына алыпты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
