Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Қордайдағы бұзақылық үшін сотталғандарға қатысты пікір білдірді

29 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдары Алматы гарнизоны әскери сотының Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адам сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ұрлық жасағандары және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандары үшін әскери қызметші У. Атанбаев, сондай-ақ А. Тілеуғалиев, А. Нұраханов, Е. Буралкинов, Р. Бежібай, М. Дүйсенбаев және Б. Ибрагимов 3-тен 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырды. 

"Бұрын тергеу барысында У. Атанбаевқа және оның сыбайластарына қатысты материалдар істің әскери соттың соттылығына жатқызылуына байланысты жеке іс жүргізуге бөлектеніп алынған болатын. ​Сонымен қатар 21 шілдеде арнайы прокурорлар 51 адамға қатысты тергеуді аяқтады. Оларға ақпан айында Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында болған оқиғалар барысында күш қолдану, кісі өлтіру, мүлікті өртеу және қирату, жаппай тәртіпсіздіктерге арандату және билік өкілдерінің талаптарына бағынбау бойынша айып тағылды", - дейді прокуратураның баспасөз қызметі.

​Қазіргі уақытта айыпталушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуда, содан кейін іс сотқа жолданатын болады. 

Сондай-ақ, наурыз бен тамыз айлары аралығында полицейлерге зорлық-зомбылық көрсеткен ағайынды Воингуйдің, Құдашбаевтарға қатысты адамдар тобында денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргендері және бұзақылық жасағандары үшін әкелі-балалы Юнхудың, 54 дана "Молотов" коктейлін дайындағаны және тасымалдағаны үшін Р.Вейсердің сотталғандарын еске саламыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр