Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайда Алматы облысы ПД басшысының орынбасары жарақат алды

Қордайдағы шиеленіс кезінде Алматы облысының полиция бастығының орынбасары жарақат алды. Қақтығыстар салдарынан 19 полиция қызметкерлері әр түрлі жарақаттар алған, оның тоғызы - оқ жарақаты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz  порталына сілтеме жасап.

Павлодарда полицейлер таяққа сүйенген қарияны сүйрелеген

Жанжалды тоқтатып, оны оқшаулау үшін Жамбыл облысы мен Алматы облысынан полиция департаментімен жедел жасақ күштері жұмылдырылған.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы бет маңайына және сол аяғына оқ жарақатын алған. Тағы біреуі екі санына да оқпен жарақаттанған. 

«Жағдай қалыпқа келіп, полицейлердің бақылауына алынғаннан кейін, қызметкерлер аудан орталығының  ауруханасына көмекке жүгінген. Бақытымызға орай, қорғау құралдарының және құрышпен қапталған кеудешелердің арқасында алынған жарақаттар өмірге қауіпті емес. Зардап шеккендердің басым бөлігі, алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қайта қосылып, қызметтерін жалғастырды. Оқ жарақатын алғандардың қатарында Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков болған. Оған ота жасалды, қазіргі таңда оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ»,- делінген хабарламада.

«Время» газетінің айтуынша, Жүнісбеков көзінен айырылып, тіпті ажал құшуы да мүмкін еді. подполковникқа Алматы қаласындағы орталық қалалық емханасында ота жасалған. 

ҚР ҚК 380 бабы бойынша ("Үкімет өкіліне күш қолдану") сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 
 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Ақпан, 2020 12:20
Талқылау