Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордай оқиғасында көз жұмғандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Қордай тұрғындарына көрсетіліп жатқан көмек жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қордай

"Бүгінде Қордай ауданында зардап шеккен 39 отбасыға 44 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қосымша ауданның 936 отбасына 122 тонна азық-түлік пен қайырымдылық көмек қамтамасыз етілді", - деп атап өтті спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Ал, асыраушысынан айырылғандардың отбасыларына ай сайын орта есеппен 55 мың теңге жәрдемақы төленіп жатыр.

"ТЖ кезінде табысынан айырылған аудан тұрғындарына 42500 теңгеден, кепілдендірілген әлеуметтік топтама – 55 мың аудан тұрғынына және АӘК аясында 813 отбасыға барлығы 2 млрд теңге қаражат төлендіә, - деді Е. Жылқыбаев.

Сонымен қатар, аудандағы  65 нысанның 54-інде қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.

Оқиға орнында 8 адам, ал ауруханада 2 адам көз жұмды.

 

Талқылау