Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылып, жұмыс істейтін болады

Жамбыл облысының Қордай ауданында балабақшалар мен мектептер қайта жұмысын бастады. Жергілікті мұғалымдер жұмысқа шығып, оқу бағдарламасы жалғасуда. Ал Жамбыл облысының әкімі Асқар Мыразахметов жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген, зақым келген мүліктер қалпына келтіріліп, марқұм болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

Масанчи

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутатары зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударса, еліміздің кей өңірлерінне гуманитарлық көмектер жөнелтілуде. Ал, құзырлы органдар 25 қылмыстық іс қозғапты. 

Қордай ауданындағы қақтығыстан қаза тапқандардың денелері жер қойнына тапсырылды. Үкіметтік комиссияның төрағасы Бердібек Сапарбаев марқұмдардың отбастарына көңіл айтып шыққаннан, кейін жұртпен бірге жаназа намазына қатысты.

Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев қақтығыс кезінде көз жұмған Әлжан апа ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахымның отбасында болып, қайғыларына ортақтасты. Марқұм бір үйдің жалғызы екен. Артында жары мен үш бірдей баласы жетім қалды. Вице-премьер өрімдей жас жігітің өліміне кінәлілер міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылатынын жеткізді.

Үкіметтік комиссия Қарасу, Ауқатты бекеттерінде де болып, Қырғызстанға кеткен жергілікті тұрғындармен кездесіп, оларды елге оралуға шықырды. Бернеше елді мекенді аралап Бердібек Сапарбаев жұртшылықтың өтініш-пікірлерін тыңдады. Оның барысында жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген мүліктерді қалпына келтуріге мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді.

"Ешқандай қорқудың, үрейленудің керегі жоқ. Өздеріңіздің сонда кеткен ағайын-туыстарыңызға, балаларыңызға айтыңыздар барлығы қайтып келсін. Кеше сіздерге біз енді айтқанбыз. Біздің енді келгендегі мақсатымыз, міндетіміз -  Мемлекет басшысының бізге берген тапсырмасы, осы жерде тыныштық қауіпсіздік орнату. Оны орнатып жатырмыз, орнатамыз да. Оған енді барлық мүмкіндіктеріміз бар", - деді премьер-министр Бердібек Сапарбаев.

Дегенмен, жылдар бойы тату-тәттті ғұмыр кешіп жатқан жергілікті тұрғындар аяқ астынан не болғанны түсінбей қалдық дейді. бір-екі басбұзарларың әрекеті осындай жанжалға әкелгеніне қынжылатындарын атйты.

"Оқиғаның қалай болғанын өзіміз де түсінбей қалдық. Елдің бәрі қорқып үйлерінде отыр. Кешелі-бері көптеген адам Қырғызстанға кетті. Өзіміз осында тудық, осында қаламыз", - деді тұрғын Ибрагим Харби.

Қазір Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланған. Ауылдарға кіретін тұстарға полиция бекеттерін қойылып, олар кіріп-шығатын көліктерді жіті тексеруде. Бірақ елді мекендердегі бірде- бір сауда орындары мен дүкендер жұмыс істемей тұр. Тек, бүгіннен бастап мектептер мен балабақшалар қайта жұмысын бастаған.

Масаншы елді мекенінің орталық көшесі соғыстан кейінгі кезеңді еске түсіреді. Бұл жерде сауда орындары орналасқан екен. Қазір барлығы бүлінген, өртенген. Ал жергілікті комиссия келген шығын көлемін есептеумен айналысуда.

Жергілікті комиссия қақтығыс кезінде бүлінген, зақым келген мүліктерді есепке алып шығын көлемін есептеуге кіріскен. Комиссия жұмысы ақталған соң үкіметтен арнайы қаржы бөлінетін болады.

"Үкімет комиссиясы қазір Қордай ауданында Жамбыл облысында жұмыс істеуде. Бүгін-ертең ол өзінің жұмысын бітіреді. Сол жұмыстың нәтижесі бойынша ақша бөлу шешімдер қабылданатын болады. Ақша бөлінетін жағдай болғанда ол үкіметтің резервінен бөлінетін болады", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайлов.

Аудандағы жағдайды реттеуге егде кісілер де атсалыспақ. Ол үшін Ақсақалдар кеңесі құрылып, жұмыс істейтін болады. Қазақстандықтар болса баспанасыз қалған жұртқа гуманитарлық көмек жөнелтуде. Құзырлы органдар жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 25 қылмыстық іс қозғалып, ведомствоаралық шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеуде.  

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүздеген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Үш күн бойы ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды

Интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздардың жаңа легі ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

Көктегі ұшақтың құлауына жердегі үй иесі кінәлі ме? Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр