Алматыда жаппай тәртіпсіздіктің алды алынды: Бұл жайлы не білеміз
Белгісіз біреулер Алматы қаласында тәртіпсіздік туындатпақшы болған. Бас прокуратураның жалған ақпарат таратпауға шақыруына қарамастан, сенбі күні кешкісін «Шапағат» ықшам ауданына жастар жинала бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Олар бір-біріне көшеге шығу керектігі жайлы шақыру хабарламаларын таратқан. Аталмыш орынға полиция қызметкерлері мен жедел жасақ жұмылдырылыпты. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі жағдай тынышталғанға дейін әйелдері мен балаларын ықшам ауданнан алып кеткен. Заң бұзуға жасалған әрекеттер болған жоқ, тәртіп бұзбақшы болғандарды таратып жібердік дейді полицейлер. Аудан тұрғындары сұхбат беруден бас тартыпты. Олардың арасында тек бір адам ғана жасырын түрде мән-жайды түсіндіруге келісімін беріпті.
"Бүгін маған түсте хабарласып, жағдай осындай, сағат жетіге дейін пәтер жалдадым, ал өзім осындамын дейді, оның жанында отыруға тура келді, егер де бір нәрсе қажет болса. Бір жерде осыншама полиция қызметкерлерін көру ыңғайсыздық тудырады. Дүрбелең болғаны рас, WhatsApp желісі арқылы да неше түрлі ақпараттар таралуда", - дейді Алматы қаласының тұрғыны.
Тәртіп сақтау органдары аталған ауданда кезекшілік ұйымдастырған.
ПД-нің тергеу басқармасының қызметкерлерінің мәлімдеуінше, күдіктілер бірден анықталған.
"1990 жылғы бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер азамат пен 1987 жылығы тұрғын месенджерлер және әлеуметтік жежілер арқылы адамдарды тәртіпсіздікке шақырған. Олардың үстіне ҚР ҚН-нің 273 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", -делінген ресми хабарламада.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
