Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорапқа салып, айдалаға лақтырып кеткен": Семейде қала шетінен 20-ға жуық мысық табылды (видео)

Фото: Instagram oo_osa_semey_vko

Семей қаласы Абай тасжолында, әуежайдан Қарауыл кенті бағытына қарай шамамен үш шақырым жерде қорапқа салынған 20-ға жуық мысық табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Үй жануарының бір бөлігі жабық қораптардың ішінде, енді бір бөлігі тығыз қаптарға салынған күйде табылған. Мәліметке сәйкес, шамамен жеті мысықты аман алып қалуға мүмкіндік туған. Ал 12 шақты мысық өліп қалған. Қораптарды тапқан адамдар оларды ашып, тірі қалған жануарларды босатып жіберген.

Мысықтар “ОСА” қоғамдық бірлестігіне жеткізілген. Сондай-ақ үй жануарлары жатқан маңайдан “Анита” кафесі деп жазылған халат табылған.

Абай облысының полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. 

“Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде барды. Қазір тексеру жүргізіліп, болған жайттың мән-жайы мен іске қатысы болуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда мысық әйел мен балаларды өрттен құтқарып қалғаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 14 Ақпан, 2026 17:46