AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көр адамның үйі осындай болады": Бүкіл қазақстандықтарды жылатқан зағип ана мен қызы баспаналы болды

Желіде бүкіл қазақстандықтарды жылатқан ана мен қызы баспаналы болды. Өткен аптада екі зағип жанның күн көрісі, тұрмысы мейірімді жандардың жанына батты. Жұмыла қаражат жинаған қазақстандықтар зағип жандарға баспана сыйлады. 

Ана мен қызының жағдайын білуге Мадияр Серікбаев аттанған еді. Зағип жандардың құжаттары жоқ. Тұрмыс деңгейі өте төмен екенін видео арқылы бүкіл қазақстандық көрді. Басында баспанасы жоқ адамдар қайтыс болған адамның үйін уақытша паналапты. Оның өзі ешқандай талапқа сай емес еді. 

“Басымызда баспана жоқ. Құжаттарымыз жоқ. Ауыл тұрғындары көмектеседі.Тамақ әкеп береді. Соны ішеміз. Ораза кезінде пітір жинап әкелді. Бұл қайтыс болған кісінің үйі. Осында тұрып жатырмыз. Қартайған соң бола береді ғой. Көр адамның үйі осындай болады”, – деді әже. 

Бұл сөздерді естіген жанның бәрі көзіне жас алды. 

Бұған дейін сауда жасап, азын-аулақ нанын тауып жүрген қызы Жанат та көзі көрмей, үйден шыға алмай қалғанын айтады. 

“Харекет” қайырымдылық қоры зағип жандарды алдымен уақытша пәтерге орналастырып, дәрігерге тексеріп көрді. Осыдан соң күллі қазақ ат салысып, баспана алып берді. 

Алдағы уақытта мейірімді жандар көзге ота жасауға көмектесетіндерін айтты. 

“Суы, дәретханасы, бәрі ішінде бар. Үй жылы, таза. Қоныстарыңыз құтты болсын. Алдағы уақытта көзге ота жасауға көмектесеміз. Қол ұшын созған барша халыққа алғыс айтамыз”, – деді Мадияр Серікбаев. 

“Баршаларыңызға рахмет. Алладан қайтсын. Үмітім қайта ашылғандай болды. Амандық тілеймін. Бәрің менің балаларымсыңдар. Бала-шаға аман болып, ұрпақтарың көбейсін”, – деп алғысын жаудырды әжей. 

“МашАлла. Алла сауаптан жазсын. Өте қуандым осы екі апамыз үшін”, “Осыған ат салысқан жандарға Алла разы болсын”, “Машалах, қазақ халқы жасасын, әрбір қол ұшын берген жандар бақытты болсын. Аллама сансыз шүкіршілік”, “Құтты болсын. Өзім алғандай қуандым гой. Тек береке болсын”, “Құтты болсын. Енді көздерін қаратып алса”, “Алла разы болсын. Енді көздерін ашып берсе, нұр үстінен нұр болатын еді”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр