Көптен күткен шешім: Алматы әкімі ЖЭО-ның газға ауыстырылуы туралы айтты
Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдады. ЖЭО-ға қатысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің желідегі ресми парақшасында ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды көптен күткен шешім екенін айтты.
"Көптен күткен Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды", - деп жазды Б. Сағынтаев.
Бұл ретте жұмыс істеп тұрған қазандық агрегаттарын жаңғыртып, ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру арқылы оған жұмсалатын еңбек пен құн шығынын оңтайландыру бойынша қайта құру нұсқасы таңдалды.
Модернизациялау жұмыстары қоршаған ортаны күкірт оксиді және күлмен ластамауға мүмкіндік береді. Ауаға тарайтын азот оксиді мен көмірқышқыл газының мөлшері минимумға дейін азаяды.
"Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады", - деп атап өтті Алматы әкімі.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы ЖЭС-2 қалай модернизацияланатыны туралы жазған болатынбыз.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
