Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы байлар мен олардың отбасын кімдер, қалай және қаншаға қорғайтынын анықталды (фото)

Бүгінгі таңда жоғары лауазымдағы қызметкерлерді, ірі компания басшыларын оққағарсыз елестету мүмкін емес. Елімізде қауіпсіздік қызметкерлерін дайындайтын 46 мыңнан аса жан жақты жасақталған базалар жұмыс істейді.

Ал, осы оққағарлардың қызметі қаншалықты қауіпті және бағалы? Бұл мамандықты кімдер таңдайды? Оларға қойылар талап қандай? Бұл сұрақтарға жауапты біз өздерінен сұрап білдік.

Ғаламторда қауіпсіздік мамандықтарын оқытатын жекелеген арнайы мектептердің сайттарын да қарап шықтық.

Ол жерде кәсіби түрде қауіпсіздік үшін күресу тактикалары, барлық спорт түрінің дәл осы қызметке сай таңдалған әдіс-тәсілдері туралы жазылған. Оқып  шыққандар арнайы диплом алады. Сондай-ақ, оққағарлар жарысын жиі ұйымдастыру қолға алынған екен. Демек, қазір кәсіби оққағарларлар сұранысқа ие.

«Оққағар болып жүргеніме үш жылдан асты. Бұл салаға дейін дзюдомен кәсіби түрде айналысып спорт шебері атандым. Дзюдодан кейін  қолма-қол және қару арқылы төбелесу әдістерін меңгердім. Сосын оққағарлыққа келдім.

Астана қаласында жұмыс істедім. Оппозициялық журналдың бас редакторының оққағары болдым. Сол кезде денеге оқ тию жарақаты болды. Қазір денсаулығыммен бәрі дұрыс. Негізі оққағар болу үнемі жақсы қалыпта, әрі өзіңе сенімді болуың керек.

Тіпті, қорғайтын адамыңның туысқандарында бақылау қажет. Өйткені, қауіптің қай жақтан келері белгісіз. Адамдардан ерекшеленбей, классикалық үлгіде киінеміз. Жұмысым өзіме ұнайды»,-дейді Арман Мамаев есімді тәжірибелі оққағар.

«Бұл салада он жылдай тәжірибем бар. Астана қаласы Қорғалжың ауданы әкімінің, ірі компания директорларының оққағары болдым.

Ірі қызметтегі адамдарның балаларымен де жұмыс істедім. Бір жағынан оққағар болсам, бір жағынан көлік жүргізушісі болдым. Жұмыс беруші қауіпсіздігіне қарай қажетті заттар және көлікпен қамтамасыз ету керек. Спорт шебері болмасам да, бокс, кикбоксингтен жетістіктерім бар. Жалақы 200 мыңнан  жоғары болуы керек»,-дейді Владимир есімді оққағар.

Даладан келген емес, бұл саланың кәсіби маманымын, дипломым да бар. Самбо, дзюдодан спорт шеберімін. Күзет агенттігімен келісіп рұхсат болса, кез-келген қарудың тілін білем. Бұрын Кеңес Рақышевтің компаниясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тобында жұмыс істедім.

Одан кейін жоғары қызметтегі бір адамның жеке оққағары болдым. Ол адам қазір шетелге көшіп кетті. Сондықтан, жұмыс іздеудемін. Соңғы  жұмысым қиындау болды, ұйықтамайтын кездер болатын. Жеке басымның қауіпсіздігіне байланысты да мәселелер болды, ол жағын ашып айтқым келмейді. Жалақым 300 мыңнан жоғары болуы керек»,-дейді Қанат есімді оққағар.

Екінші тарап жұмыс берушінің талаптарын білу үшін, ғаламторға салынған хабарландыру бойынша оларға да хабарласып көрдік. Бірден көзбе-көз кездесуді ұсынды.

«Қойылатын талаптарды кездесу барысында нақтылаймыз. Тәжірибе 5 жылдан кем емес. Бойға, салмаққа, спорт шеберлігі бәріне қараймыз. Жалақы 300 мыңнан жоғары. Басқа да мәселелер туралы телефонмен айта алмаймын. Хабарласып жатқан адамдар көп, сондықтан бүгін жолығып кетсеңіз болады» – деген жауап алдық жұмыс берушіден.

Ғаламторда қауіпсіздік мамандықтарын оқытатын жекелеген арнайы мектептердің сайттары да бар. Ол жерде кәсіби түрде қауіпсіздік үшін күресу тактикалары, барлық спорт түрінің дәл осы қызметке сай таңдалған әдіс-тәсілдері туралы жазылған.

Сол бойынша, оққағарларды оқытып дайындап шығады.  Білім алғандарға арнайы диплом беріледі. Сондай-ақ, оққағарлар жарысын жиі ұйымдастыру қолға алынған екен. Демек, қазір арнайы білімі бар кәсіби оққағарларлар сұранысқа ие.

Сұңғат Махамбетов суретте ортада.

Дзюдодан халықаралық деңгейде, қазақ күресінен көптеген жетістіктері спорт шебері Сұңғат Махамбетовтың пікірі мынадай:

«Бұндай қауіпті мамандықтарды спортшылар ақша жағынан қиналғандықтан таңдайды. Өйткені, спортшылар қызметке бапкерлікке барады, ал бапкерлердің жалақысы төмен. Сондықтан, олар күзетші, оққағар болып жатыр.

Қазір күзеттің өзі спортпен айналыспасаң қиын. Мен күзетте жұмысты бастағанда, пышақ ұстаған жастармен де бетпе-бет келдім. Егер барлық жағдайымды жасаса, оққағарлықтан мен де бас тартпас едім, бірақ отбасым үшін алаңдаймын.»

Оққағарлармен тілдесу барысында білгеніміз, бұл қызмет қауіптілігіне қарай бағаланып, жалақы да соған қарай беріледі екен. Қазір көбіне спортшылар мен әскери қызметкерлердің  баратын мамандығына айналған. Олардың ойынша қауіпсіздік қызметіндегілер тек физикалық тұрғыдан емес, моральдық деңгейде де жоғары болу керек.

«Тыңшылық, байқампаздық, шапшаңдық қасиеттерін де дамыту керек» –  дейді оққағарлар.

Оқи отырыңыз:

Қызылордалық келін: Қайын апаларымның қонағын күтіп, үйін жинап кету міндетім (фото)

Мейрамбек Бесбаевтың жары алғаш рет әншінің ауыр дерті жайлы шындықты айтты

Атырауда үшем дүниеге келді (фото)

Көптеген мемлекеттік органның интернет-сайттары уақытылы жаңартылып отырмайды

Атырау қаласы әкімі: қалаға жаңа жылдық шырша орнатпауымызға да болады

 

Талқылау