Көпшілік алдына маскасыз шығып жүрген Бразилия президенті коронавирус жұқтырды
Бразилия президенті Жаир Болсонару жаңа коронавирусқа өткізген тесті оң нәтиже бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аурудың белгілері туралы саясаткер жақында білген. Ол коронавирусқа тест тапсырып, өкпеге МРТ жасады. МРТ-да өкпесінде ешқандай зақым жоқ екені анықталды.
Агенттік атап өткендей, Болсонару коронавирусты инфекцияның таралуымен күресу үшін сауда мен түрлі қызметтерді шектейтін ережелерді белсенді сынға алушылардың бірі. Ол "вертикалды оқшаулану" қажеттілігін қолдайтындардың қатарынан: ол бойынша тек жұқтыру қауіпі тобындағы және 60 жастан асқан азаматтар үйде қалуы тиіс. Бұған қарамастан, өңірлік билік, ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, барлық азаматтардың жүріп-тұруын шектеу туралы шешім қабылдады.
- Полиция тексереді: Масканы тек иегіне тағып алатындарға айыппұл салынады
- Тоқаев Жеңіс парадында неге маска тақпай жүрді?
Президент сондай-ақ бірнеше рет көшелерде, митингтер немесе демонстрациялар кезінде маска мен қолғапсыз шығып жүрген, әлеуметтік қашықтықты әрдайым сақтамай бермейтін, өзін қолдаушылармен сөйлесіп, суретке түсіп жүрген.
Айта кетейік, наурыз айының соңында Болсонару коронавирусты инфекциядан қорықпайтынын мәлімдеген болатын. 2018 жылдың қыркүйегінде қастандықты еске алып "Пышақ жарақатынан кейін ешқандай тұмау мені сындыра алмайды", - деген болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Болсонару коронавирус жұқтырды деген ақпарат БАҚ-қа таралып, кейін жоққа шығарылды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
