Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Құтқарушы жансақтау бөлімінде жатыр
Елордада көпқабатты үйдің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген 2 өрт сөндірушінің өздерін күйік шалды. Оларды дереу ауруханаға апарған. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бүгін түскі 11-лер шамасында Бауыржан Момышұлы даңғылында орын алды. Төтеншеліктердің айтуынша, үйдің ауласында тұрған автокөліктер өртті ауыздықтауда қиындық туғызған.
“Өрт орнынан 5 адам құтқарылып шығарды. Оның екеуі бала, және 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 5 адам ауруханаға жеткізілді, түтінмен уланды деген диагнозбен қазір кезде бір бала жіберілді. Екі адам отказались от госпитализации. Және өрт орнынан біздің екі өрт сөндіруші зардап шекті. Олар денесінен күйік алды. Қазір біреуі реанимацияда жатыр, біреуі ауруханада”, – деді Астана қаласы ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова.