AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Копенгагенде сауда орталығында болған атыс салдарынан бірнеше адам мерт болды

Копенгагендегі Field’s сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам оққа ұшты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап. 

Атыс

БАҚ үш адамның мерт болып, тағы үш адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Олар ауыр жағдайда.

Дания астанасының басшысы Серена Томассен күдіктінің 22 жастағы Дания азаматы екенін айтты. Әзірге оның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр. 

"Ол өте ашушаң болды және түрлі нәрселерді айтып, айқайлады", – дейді куәгер. 

Сонымен қатар полиция атыстың террористік сипаты болғанын жасырмайды. Өзге куәгерлер де оқиға туралы айтып берген. 

"Бастапқыда адамдар оны ұры екен деп ойлады. Кенеттен мен атыс дауыстарын естіп, дүкенге жүгірдім. Ол адамдарға қарай ата бастады, еденге немесе төбеге емес", – деді куәгер Рикке Левандовски TV2 арнасына берген сұхбатында. 

"Біз досым екеуміз атыс дауысын естідік. Он шақты рет атылғанын естіп, дәретханаға қарай жүгірдім. Кішкентай дәретханаға 11 адам кірдік", – деді тағы бір куәгер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр