Копенгаген университеті оқу бағдарламасына Бейонсенің сексуалдығына қатысты пән енгізді
Копенгаген университеті оқу бағдарламасына америкалық әнші Бейонсеге арналған пән енгізді.
Бұл туралы шетелдік The Local басылымы хабарлады.
Пән «Бейонсе, гендер және нәсіл» деп аталады. Ол «Өнер және мәдениет» бөлімінде оқытылады.
«Біз әндер мен бейнебаяндарды сарапқа саламыз. Гендерге, сексуалдыққа және нәсілге баса мән береміз. Біздің бір мақсатымыз – «қара феминизмнің» пайда болуын зерттеу», – дейді курсты ойлап тапқан профессор Эрик Стейнског (Erik Steinskog).
«Біз өмір сүріп жатқан әлем үшін ол маңызды. Бейонсе — бүгінгі күннің ең танымал әртістерінің бірі, сондықтан ол заманауи музыканы зерттеуге қажет», – деп атап өтті Стейнског.
Профессор Бейонсенің жанкүйері екенін айта келе, бұл курсты енгізудің өзі академиялық тұрғыдан ерсі екенін мойындады.
Ұстаздың айтуынша, Бейонсені зерттеп, тануға арналған курс опера мен әдебиет пәніне арналған зерттеуден кем түспейді. Аз уақыттың ішінде курста білім алуға 75 адам өтініш білдіріп үлгерген.
Жіберіп алмаңыз:
Талай әншіні танымал еткен Баян Есентаеваның өзі қалай ән айтады? (видео)
Анар Батырхан: «Инстаграм жұлдызы» болып қалудан қорқамын, мен оқыған актрисамын (фото)
Динара Сұлтан алғаш рет өзінен 17 жас үлкен күйеуі жайлы айтты (фото)
Жазира Байырбекова: 3-4 жыл қыз ұзатып, бірнеше бизнес ашып алдым