Көпбалалы швейцариялық отбасы 25 жылдан бері теңізде желкенді қайықпен саяхаттап жүр
Фото: Видеодан скрин
Швейцариядан шыққан бір отбасы 25 жылдан бері желкенді яхтада өмір сүріп, әлем мұхиттарын шарлап жүр. Олар сирек қана құрлыққа аялдайды. Осы уақытта отбасында алты бала дүниеге келді. Тұрмысқа арналған аумақ небәрі 20 шаршы метр болса да, олар бұл өмір салтын ең қолайлы деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dwglavnoe арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Отбасының басты мақсаты адамдарды климат пен табиғатты қорғауға шақыру екен. Олар түрлі елдердегі мектептерге барып, ғалымдар мен экологтармен бірге жұмыс істейді.
Анасы Сабина Шверер яхтадағы өмірдің ерекшеліктерін бөлісті.
"Пешіміз теңіз толқынымен бірге теңселеді. Сондықтан дауыл кезінде де тамақ әзірлеуге болады. Ал балаларға арналған арнайы ұйықтайтын орын бар", – деді анасы.
Балалар құрлықта жүргенде мектепке барады, ал теңізде ата-анасының қадағалауымен онлайн білім алады. Мұндай оқуға Швейцарияда ресми түрде рұқсат берілген.
Қызы Алегра теңіздегі өмірдің артықшылығын атап өтті.
"Мектептегі достарыммен қоштасу қиын, бірақ теңізде жүргенде жаңа достар табуға мүмкіндік көп", – дейді ол.
Отбасы бірнеше қиындықты бастан өткерген. Яхталары бұзылған, қарақшылар да шабуыл жасаған. Дегенмен оларды әрдайым батылдық, сәттілік пен берік отбасылық ауызбіршілігі құтқарып отырған.
Әкелері Дарио Шверер теңіздегі өмірден бас тартуды ойламайды.
"Қазір мен бұдан артық өмір салтын елестете алмаймын", – дейді ол.
Әйел миллионерге тұрмысқа шығып, келесі күні 3 миллиард теңге мұраға ие болды
10 күнге жуық комада жатқан қыз университетке түскенін біліп, есін жиды
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны круизбен саяхаттау үшін иелігіндегі мүліктің бәрін сатқанын жазған едік. Шарон Лейн дүние-мүлкін сатып, 15 жылын Villa Vie Odyssey лайнерінде өткізуді жоспарлап отыр. 77 жастағы әйел маусым айының ортасында саяхаттау үшін криузге мінген сәтте өзін еркін сезінгенін айтады. Ол құрлықтағы өмірін теңіздегі өмірге ауыстыруды бұрыннан жоспарлап жүргенін жеткізді. Енді ол алдағы 15 жылын кемеде өткізеді.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
