Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар балабақшаға тегін барады

Көпбалалы отбасылардың балабақшаға баратын балалары үшін төлейтін ақшасын биылғы жылдың көктемінде облыстық білім басқармасы беретін болып шешілген еді. Басталған жоба мамыр мен маусым, шілде айларында ғана жүзеге асқан-ды. Ал қыркүйектің бірінен бастап, кейбір ата-аналар өздері төлеп жатыр. Ал балабақша қызметкерлері төлемегендерге қанша қарыз екенін ескертіп, қағаз бетіне жазып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Көпбалалы отбасылардың балаларының балабақшаға барғанға төлейтін ақшасы биылғы жылдың көктемінде облыстық білім басқармасы беретін болып шешілген еді. Басталған жоба мамыр мен маусым айларында ғана жүзеге асқан-ды. Ал қыркүейктің бірінен бастап бұл ақшаны кейбір ата-аналар өздері төлеп жатқан көрінеді. Балабақша қызметкерлері төлемегендерге қанша қарыз екендігін ескертіп, қағаз бетіне жазып қойған.

"Толық бір айға ған төледік. 13 500 теңгеге айналды. Бірінші айын төлеңіздер деген соң, төлеп қойдық. Ал енді 15 мың теңге көлімінде қарыз жазып қойыпты", - деді  Өскемен қаласының тұрғыны Назым Құдайбергенова. 

Шығыстағы жұрттың ренжитіні облыс басшысы Даниал Ахметовтың өзі Нұр-Сұлтанда айтқан сөзінің шындыққа жанаспауы. 

"Біздің аймақтағы әрбір көпбалалы отбасының балалары тегін балабақшаға барып жүр. Жағдай төмен отбасылардың балалары колледждарда тегін білім алуда", - деп айтқан еді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. 

Ал қиындық болса берілетін қаражаттың жолынан туындапты. Алғашқы үш айда ақы жұмыспен қамту басқармасы бойынша төленген. Кейін бұл жағдайды аудан мен қала әкімдігіне жүктеу үшін қайта құжат әзірленген. Соған сәйкес уақыт та созылып кетіпті. Жауаптылар ата-аналарға ақшаны төлеңдер деп айтқандар дұрыс түсінбей қалған деп ақталды. Айтылған қаражаттың бәріне бірдей толық төленетінін де жеткізді. 

"Ақшасын төлеп қойған ата-аналардың аландауына негіз жоқ. Қолдарында түбіртегі болса болды. Ол ақшаны қайтарып береміз. Жалпы осы санатқа жататын отбасылардың берешектері осы жылдың 20 желтоқсанына дейін жабылатын болады", - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова. 

Жалпы облыс аумағында мұндай көмекке мұқтаж үш мың бес жүз он сегіз бүлдіршін бар. Олар 335 балабақшаға барады. 

Талқылау