Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы аналар келісімді шарттыдан шартсызға ауыстыра ала ма? Вице-министр жауап берді

Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 48 мың отбасы кедейлік шегінен шығып, көмек алудан бас тартқан. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз ақшалай көмек түрлерінің ара-жігін ажыратып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

ана мен балаСурет: mugalzhar.kz 

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналист министрдің бірінші орынбасарына «Атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар әлеуметтік келісімшартты шарттыдан шартсызға ауыстыра ала ма?» деген сауалын қойды.

«Атаулы әлеуметтік көмек бойынша өңірлерде осындай әңгімелер болып жатқанын білеміз. Қазір барлық өңірде арнайы комиссиялар құрылды. Бұрынғы төленген төлемдердің заңдылығын тексеріп жатыр. Оның ішінде құқықбұзушылықтар да бар. Фактілерді көріп отырсыз. Кейбір орталық қызметкерлері өткен аптада жауапкершілікке тартылды. Шартты және шартсыз төлемге келер болсақ, шартты төлем 12 айға дейін жасалынады. Төлемді алатын отбасыда жұмысқа қабілетті азамат міндетті түрде жұмысқа тартылуы тиіс, мемлекет көрсететін бағдарламаларға қатысуы керек. Азамат әлеуметтік шартқа қол қойғаннан кейін үш айға алдын ала ұсыныс береді», - деді Жылқыбаев. 

Ол отбасы кедейлік шегінен шығуы үшін төлемнің қайда кеткені сұралатынын айтты. 

«Ай сайын шартсыз берілетін көмекке сұрау салынбайды. Сол себептен дұрыс түсіну керек. Шартты келісімшарт жасалған соң, қаражат үш айға алдын ала берілгеннен кейін ол кедейлік шегінен шығуы үшін кәсібін жасауы қажет. Ауылдарды аралап жүргенде тігін тігіп, үйінде салон ашып, әртүрлі тағам пісіру арқылы өзінің жұмысын дөңгелетіп жатқан әйел азаматтарды көрдік. Былтырғы мәлімет бойынша, атаулы әлеуметтік көмек алатын 48 мың отбасы кедейлік шегінен шығып, көмектен бас тарты», - деп жауап берді спикер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр