Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы әлде көп балалы? Күрделі сын есімдердің дұрыс жазылу жолдары

Сын есім дегеніміз – заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табы.

Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді:

  •  сапалық сын есім;

  • қатыстық сын есім.

 Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзінен жасалады, заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы: жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т.б.

Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы: орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т.б.

Құрамындағы сөздеріне қарай сын есімдер дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сын есім: әдемі, жақсы, қара және т.б.

Күрделі сын есімнің бірнеше жасалу жолы бар. Осы сын есімдердің жазылуына қатысты қиындықтар туындап жатады. 

  • Екі сапалық сынның бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: көк ала, шұбар ала, қара торы және т.б.
  • Сапалық сыны мен қатыстық сынның тіркесуі арқылы жасалады:  кең маңдайлы, көп қабатты, көп балалы және т.б.
  • Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесуі арқылы жасалады: қос ішекті, былғары етікті, қасқыр ішікті және т б.
  • Қатыстық сын мен қатыстық сынның тіркесі арқылы күрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді, сапалы дүнелі және т.б.
  • Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-кіші, жақсылы- жаманды, алыс-жақын.
STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Желтоқсан, 2020 15:38
Талқылау