Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көпбалалы әкелерге көмек жоқ": Айқын Төлепберген балаларын жалғыз өзі асырап отырғанын жасырмады

айқын Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Айқын Төлепберген бесінші рет әке атанатынын сүйіншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жары Жұлдыздың үшінші баласына жүкті екенін көрсетті.

“Бесінші балам дүниеге келейін деп жатыр. Арнайы дайындық керек емес, жүре бересің. Негізі көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па? Бірдеңе бересіздер ме? Қанша дегенмен ана туды дегенімен, бәрін асырап жатқан мен ғой. Балалардың мектебі, киім-кешегі, үйірмелерінің бәрін төлеймін. Қалжыңдаймын", – деді Айқын.



Әншінің сөзінше, әр баласы бірнеше үйірмеге қатысады, алайда ол мемлекеттен ешқандай жәрдем сұрамайтынын жеткізді.

"Әр балам екі үйірмеге барады, мемлекеттен бірнәрсе алуға болады екен. Бірақ мен мемлекеттен ештеңе сұрамаймын", – деп қосты эстрада жұлдызы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 17 Қазан, 2025 13:00
Талқылау