"Көп отбасы ажырасады": Роза Рымбаеваның келіні тұрмыс құрған кезін есіне алды
“Асыл” тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/akerkeburkitbay/
Өнер иесі Тимур Балымбетовпен сұхбаттасып, әңгіме өрбітті.
“Көп жағдайда алғашқы бір жылдықта көп отбасы ажырасады. Бірінші бала дүниеге келгеннен кейінгі жыл мүлдем қиын болады деп қорқытқан еді. Бірақ осы бес жылдық өмірімізде, Аллаға шүкір, қатты ұрысып, бір-бірімізге ауыр сөз айтып, бет жыртысқан кез болған жоқ. Біз түсінісіп келе жатырмыз, жарты сөзден-ақ бір-бірімізді ұғамыз, қолдау көрсетуге тырысамыз", — халық әртісінің келіні.
Қобызшы алғашқы кезеңде жолдасы әнші Әлидің тік мінезін қабылдау қиын болғанын да жасырмады.
“Әрине, қателігіміз болса, оны айтуға тырысамыз. Бұрын Әли кішкене қаттырақ айтатын, тік сөйлейтін. Сол сәтте мен көңіліме алып, жылап қалатын кездерім болатын. Оның дұрыс екенін түсінемін, бірақ бірден қабылдау қиын еді. Дегенмен, осы бес жылдың ішінде бір-бірімізге компромисс жасап, ойымызды жұмсақ жеткізуді үйрендік", — деді Ақерке.
Еске салайық, Әли Оқаповтың бір жастағы ұлы жұртты таңғалдырған еді.