Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп нәрсе берген жоқпын": Азамат Сатыбалды шетелге кетуге неге жүрексінеді

Азамат Сатыбалды шетелге кетуге неге жүрексінетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Headliner weekend бағдарламасына сілтеме жасап. 

Көп нәрсе берген жоқпын: Азамат Сатыбалды шетелге кетуге неге жүрексінеді

Өнерде жүрген жастардың арасында шетел асып, елде қалғысы келмейтіндердің қатары көбейіп барады. Олар болашағын басқа елмен байланыстырғысы келеді. Алайда, Азамат Сатыбалды қазақ өнерін дамытпай жатып, шетелге кетуді құптамайтынын айтты. 

"Шетелге кеткеннен гөрі көбінесе өзіміздің отандық киноны дамытуға, соны өсіруге барынша жағдай жасауымыз керек. Алдымен өзіміздің жағдайымызды жасап алғаннан кейін, өзіміздің елімізде танылып, өзіміздің елдегі киноны көтергеннен кейін барып, көзді шетелге салса болады", - дейді Азамат Сатыбалды. 

Өнер иесі неліктен шетелге кетуге жүрексініп жүргенін айтты. Актердің бұған өзіндік себебі бар. Ол әлі туған елге тиісті деңгейде еңбегімді сіңіріп үлгерген жоқпын деп ағынан жарылған. Адам өз елінде өзін мойындата алмаса, шетелде өнер көрсету деген бос әңгіме дейді актер. 

"Бірақ мен кино саласында еліме көп нәрсе берген жоқпын деп есептеймін. Сол үшін мен мүмкіндігінше тамырымды терең жіберіп, өзімнің елімді мойындатып, өзегімді тереңге жібергеннен кейін барып, құлашымды басқа шетелдерге салуым мүмкін. Ал дәл қазір мен оған дайын емеспін", - дейді Азамат Сатыбалды.

Талқылау