Конституциялық соттың судьялары өмір бойына қамтамасыз етіледі
Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы қаулысымен ҚР Конституциялық сотының судьялары өмір бойы қаржылай қамтамасыз етіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зейнеткерлік жасқа толып, өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін ҚР Конституциялық сотының судьясына ай сайын ақша төленеді.
Зейнеткерлік жасқа толған судья Конституциялық сот аппаратына құжаттарды қоса беріп, ай сайынғы өмір бойы қамтуды тағайындау туралы өтініш береді.
Конституциялық сот аппараты 10 жұмыс күні ішінде ай сайынғы өмір бойы қамтудың мөлшерін көрсете отырып, тағайындау немесе бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Ол мемлекеттік базалық зейнетақы төлемімен қатар берілмейді. Бірақ судья зейнетақы қорында жиналған зейнетақы төлемдерін ала алады.
Қаулы 2023 жылғы 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Талқылау

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан

Аулада қоқыс өртегендерге және кәуап пісіргендерге қандай айыппұл қарастырылған?
Заңға сай, көпқабатты тұрғын үйдің ауласында от жағуға рұқсат етілмейді