Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коньки спортынан Қазақстан Олимпиадаға 10 жолдама жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына коньки тебу спортынан Қазақстан 10 жолдама жеңіп алды, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Халықаралық конькимен сырғанау одағы әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысын жасап, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдамалар санын үлестірді.

Нәтижесінде Қазақстанға коньки тебу спортынан 10 жолдама бұйырды. Оның үшеуін 500, 1 000 және 1 500 метр қашықтықта Екатерина Айдова жеңіп алды.

Ал ерлер арасында Роман Креч және Федор Мезенцев – 500 метр, сондай-ақ, Федор Мезенцев, Палкин Станислав және Денис Кузин – 1 000 метр қашықтықта Олимпиадада ел намысын қорғайды.

Ал Денис Кузин мен Федор Мезенцев тағы да 1 500 метр қашықтықта өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Кузин, Крейч және Айдова Ванкуверде және Сочиде өткен Олимпиада ойындарда өнер көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Рогов жаңа қызметке тағайындалды

Елбасы: балағын қысқартып, сақал қойған діндарларға исламның дінін түсіндіру керек

Саясаттанушы: Назарбаев билік транзиттік кезеңге өтпей тұрып лауазымды тұлғалар орнын ауыстырды

Нығматулин Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

 

 

 

Талқылау