Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоңырау шалып, шағымдандым –  Министр кейбір аймақтарда ұялы байланыстың болмауы жөнінде

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысы алдында Қазақстанда ұялы байланыс істен шыққанын білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

25 шілдеде қазақстандықтар ұялы байланыс болмағанын айтып, шағымданды. Әлеуметтік желілерде Kcell және Activ абоненттерінде байланыс болмағандығы туралы хабарламалар тарады. 

"Бүгін Activ/Kcell абоненттерінде он минуттық ақау болды. Үкімет отырысының алдында "Қазақтелекомның" басқарма төрағасы Қуаныш Есекеевке қоңырау шалып, шағымдандым. Ұялы байланыстың сапасын мен де тексеріп тұрамын. Үкімет отырысына келе жатқанда менде Kcell-де байланыс болмады, кейін "Қазақтелеком" басшысы 10-15 минуттық техникалық ақау шыққанын айтты", – деді Бағдат Мусин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ ведомство басшысы Activ/Kcell абоненттерінде болған техникалық ақаудың себебін нақтылайтынын айтты.

"Қазір "Қазақтелекомда" 3G-ді 4G, 5G-ге ауыстыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан техникалық ақаулар болуы мүмкін", – дейді ол.

Талқылау