AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көңіліміз толмайды": Білім министрі ЖОО студенттерін жұмыспен қамтамасыз етуі жайлы айтты

Асхат Аймағамбетов жас маманға лайықты орын табу бойынша белсенді жұмыс іздеуді университеттің соңғы курсында емес, алдын ала жоспарлау керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі жоғары оқу орындарын өз түлектерін жұмыспен қамту бойынша жоспар ұйымдастыруларын сынға алды. 

Аппарат жиналасының барысында министр жоғары оқу орындарының қызметкерлері грантпен оқуға түскен студенттермен ақпараттық жұмысты күшейту керектігін айтты. Себебі студенттер болашақта өздерінің білім алулары үшін мемлекеттің бөлген ақшасын игеру қажеттігін білулері керек.

"Қазір біз университет түлектерін жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына қанағаттанбаймыз әрі наразымыз. Бұл барлық жоғары оқу орындарына қатысты. Студент төртінші курсқа жеткенде ғана жұмыс белсендірек болады. Бірақ бұл жұмыс білім алушыларға қажетті бос орынды таңдау бойынша екінші немесе үшінші курстан бастап жүргізілуі керек", – деді министр.

Асхат Аймағамбетов сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттерден жұмысқа орналасу үшін кез-келген растайтын құжаттарды талап етпеуі керек екенін баса айтты. Министрдің айтуынша, университеттердің бұл мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық порталдар арқылы өздерінің алуларына болады.

Биылғы жылы ЖОО түлектеріне арналған грантты әзірлеу талаптары жеңілдетілгенін естеріңізге салып өтейік. Енді түлектер, университетті бітіргеннен кейін, белгіленген мерзімде өз мамандығы бойынша тек бұрын талап етілгендей мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, сонымен қатар жеке ұйымдарда да жұмыс істеулеріне толық жол ашылды.

Сонымен қатар грант ақысын игеру барлық 4 жыл бойы емес, тек белгілі бір уақыт аралығында оқығандардың пайдасына қайта қаралды. 

Бұл мысалы, студент жоғары оқу орнына ақылы бөлімге түсіп, біраз уақыттан кейін жақсы оқу үлгерімі үшін мемлекеттік білім грантын алған болса немесе керісінше тегін бөлімнен ақылы бөлімге ауысса. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр