Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңілім толмайды, бала аман ғой: Алматыда сотталған тәрбиешінің әкесі шағымын айтты

Алматының қақ ортасындағы балабақшадан тапа-талтүсте бала ұрламақ болған тәрбиеші сотталды. Қылмыстық кодексте адам ұрлау бабы бойынша 12 жыл қарастырылған. Судья оған не себепті 6 жыл берді?

Көңілім толмайды, бала аман ғой: Алматыда сотталған тәрбиешінің әкесі шағымын айтты

Адам ұрлау, соның ішінде кәмелет жасына толмаған баланы ұрлағаны үшін 12 жыл қарастырылған. Алайда Саягүл Жаңалық қылмысын толығымен жүзеге асыра алмағандықтан көзделген жазаның жартысы белгіленіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

“Саягүл Жаңалық ҚК 24 бабы үшінші бөлігі 125 бабы 2 бөлігінің 2-8 тармақтарымен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық жазасын өтеу қауіпсіздігі орташа мекемеде белгіленсін. Саягүл Жаңалыққа қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы күзетпен ұстау үкім заңды күшіне енгенше өзгеріссіз қалдырылсын”, - деді Медеу аудандық сотының судьясы Тұрсынхан Саликов. 

Қызының сотталғанын естігенде анасы еріксіз көз жасына ерік берді. Ал әкесі Саягүлдың қаржыға мұқтаж болмағанын жеткізді . Бірақ не себепті бала ұрламақ болғанын түсіндіре алмады. Тек аяқ астынан болды деп отыр. Саягүл отбасындағы 4 баланың тұңғышы екен.

“Көңілім томайды әрине. Не себепті? Енді бала аман-есен қолында тұр. Ұрланған жоқ. бәрі орнында тұр ғой. Бәрі орнында тұр сол себептен көңілім толмайды”, - деді Саягүл Жаңалықтың әкесі Дәулетхан Жаңалық. 

Ал жәбірленуші тарап тағайындалғана жазаға көңілдері толатынын жеткізді. Өйткені күнде көріп жүрген тәрбиешінің осындай қадамға бармақ болғанын естігенде төбесінен жай түскендей болыпты.

“6 жыл мені қанағаттандырады. Себебі бірнеше секундттан кейін менің балам қасымда болмайтын еді. Күнде бұл туралы ойлаған сайын өзімді жайсыз сезінемін. Мен өзге балалардың зардап шеккенін қаламаймын”, - жәбірленуші Лаура Мусина. 

Естеріңізге сала кетсек, қоғамды елең еткізген оқиға 16 шілде күні болған еді. Бет әлпетін жасырып келген келіншек Әлихан есімді баланы тал түсте балабақшадан алып кетпек болған. Абырой болғанда тәрбиеші қырағылық танытып, баланы алып қалады. Кейінен қылмыс жасамақ болған күдікті осы топтың еңбек демалысындағы тәрбиешісі екенін анықталды.

Талқылау