Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көңілдесін алдау үшін: Әйел бұрынғы сүйіктісіне жалған жерлеу рәсімін ұйымдастырды

Әйел түрмедегі бұрынғы сүйіктісіне жалған жерлеу рәсімін ұйымдастырды. Ол мұндай әрекетке оның көңілдесін алдау үшін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Теа Лавридж сәбиі дүниеге келгеннен кейін сүйіктісі жүкті кезінде құрбысымен көзіне шөп салғанын білген. Осы оқиғалардан кейін көп ұзамай ер адам түрмеде отырды.

Ал көңілдесі оған хабарламалар жазып, оның неге жауап бермегенін түсінбеген. Ловеридж қарсыласына опасыз сұйіктісінің қай жерде екенін ттуралы шындықты айтудың орнына, оның өлгенін айтты.

Ол сүйіктісінің қарындасының қолдауына жүгініп, жалған жерлеу рәсімін ұйымдастырды. Әйел ер адамның көңілдесіне аза тұту рәсімінен бірнеше фотосурет жіберді.

"Содан бері үш жыл өтті, ол әлі де оны өлді деп ойлайды", — деді ол.

Әйел көңілдесі жыл сайын Facebook-тегі парақшасында оны еске алу үшін хабарлама жариялап, қайтыс болған кезде жанында болмағанына және оны құтқармағанына өкінетінін айтты.

Желі қолданушыларының кейбірі көңілдесті аяса, енді бірі Лавридждің әрекетін оң бағалады.

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 11 Мамыр, 2021 15:33
Талқылау