Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көңіл айтпағандарға ренжімеймін": Анасынан айырылған Саят Медеуов көпшілікке өтінішін айтты

Белгілі әнші Саят Медеуов анасынан айырылып, аза тұтып отыр. Әнші жүрегі қан жыласа да, елдің тыныштығын қалайды. Осы ретте өзіне көңіл айтқысы келетін ағайын-туыс, дос-жегжатқа өтінішін айтты. 

Елімізде індеттің өршіп тұрғаны бәріне аян. Осы тұрғыда Саят Медеуов көпшілікке айтылған талаптың сақталуын қалайды. Қандай жағдай болмасын сақтықты, талапты орындау керек деген ойын айтты. Бұл өтінішін көпшілікке Бекжан Тұрыс арқылы жеткізді. Өзіне келіп, көңіл айта алмаған жандарға еш өкпесі жоқ екенін айтты. 

"АНАДАН ардақты, АНАДАН қадірлі, АНАДАН асыл, АНАДАН абзал ешкім жоқ. Өйткені ол – өмірдің бастауы. Ананың тілегі – адамзат тілегі. Ол тілекте нұр бар. Жан дүниесі мейірімге толы Саяттай ұлды ардың сүтімен ауыздандырған, берекесі ортаймаған үлкен ошақтың құты Нұрғайша ананың бақилық болғанын естіп, қабырғам қайысып отыр. Алла алдынан жарылқасын! Бекем бол, Саят! Анаңның қолынан талай дәм татып едім. Шымкентке шыққан, Қызылордадан қайтқан, Алматы мен Тараздың ортасында жолаушы жүрген әнші әріптестеріңнің сенің анаңның дастарқанынан дәм татып, анаң құйған шайды ішпегені жоқ шығар-ау. Ең жақын жаныңнан айырылып қалғаныңды естірте отырып, өтінішіңді қоса жеткіздің, азаматтығыңнан айналдым, бауырым.

"Аға, «өлім жолы – ауыр» деп түсінген қазақпыз. Өмірде өзім сыйласқан дос-жараным мен туыстай болып кеткен аға-бауырым көп. Солардың бәрі менің қайғыма ортақтасып көңіл демеу үшін жанымнан табылғысы келетінін де білем. Бірақ дәл қазір індеттің өршіп тұрған кезінде ешкімге ренжімеймін, осы өтінішімді дұрыстап жеткізіңізші. Менің мұңымды бөлісем деп өз жақындарына қайғы апаруға себепші болғым келмейді. Мүмкіндік болғанша тәртіп сақтайықшы. Саят бауырым осылай деп өтініш айтты", - деп жазды Бекжан Тұрыс.

Айта кетейік, күні кеше Саят Медеуовтің анасының өмірден озғаны жайлы хабарлаған едік. 

Талқылау