Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концлагерге ұқсайды: Балалар орталығының директоры видеоүндеу жолдады (видео)

Қарағандыдағы балалар орталығының директоры видео жолдау жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Концлагерге ұқсайды: Балалар орталығының директоры видео жолдау жасады (видео)

Қарағанды қаласындағы концлагерге теңеген "Солнечный" балалар лагерінің директоры сынның астына алғандарға жауап беріп, видео жолдады. Келіншек адамдардың өзіне әділетсіз айып таққанын жеткізген. Сонымен қатар, Жанар Сыздықова 15 жыл бұрын бұл мекемені қайта жандандырғанын айтты. Артынша демалыс орны су тасқынынан қатты зардап шеккен. Ал 2014 жылы жөндеу жұмыстарына ақша бөлінбеген.

"Лагерде шешілмеген мәселелер бар. Бірақ, осы уақытқа дейін балалар Теміртау маңындағы демалыс орнына баруға мәжбүр болған. Ол мекеме өте алыс болды, әрі дұрыс тамақтандырған жоқ. Сол себепті мен әкімшіліктен лагерді маған беруді өтініп, жергілікті әкімдік пен аспаздар болғанын қаладым. Бізге дейін "Солнечный" бір қолдан екінші қолға көшіп жүрді. 2011 жылы қазынадан 80 миллион теңге бөлінген еді. Бірақ 2014 жылы су басып қалды", - дейді Жанар Сыздықова. 

Басшының айтуы бойынша балалар орталығына жеткілікті мөлшерде қаражат бөлінбеген. Сонымен қатар, лагердің жағдайы айтарлықтай нашар емес. Өйткені жыл сайын тексеру барысында мамандар әрмен қарай жұмыс істеуге рұқсат беріп отырады екен. 

"2015 жылы бізге 15 миллион ақша" төледі. Бұл ақша тек сырлауға ғана жетті. Бірақ шатырды қалпына келтіру, толығымен жөндеу жұмыстарын жүргізуге ақша бөлінген жоқ. Бірақ лагердің құрылымы жаман емес. Жыл сайын СЭС келіп тексеріс жүргізеді, егер заң бұзушылық байқалса, олар бізге жұмыс істеуге рұқсат бермес еді", - дейді Жанар Сыздықова.

Талқылау