Концертіме көрермен болып келді: "Нысана" актері Абай Аязбаев әйелімен қалай танысқанын айтып берді
"Нысана" әзіл-сықақ театрының белді мүшесі, әзілкеш, актер Абай Аязбаев жарымен қалай танысқанын айтты. Актер бақытын алыстан емес, концертіне келген көрерменнен тапқан.
Бұл туралы "Той жыры" бағдарламасында айтылды.
"Нысананың 5 жылдық концертін беретін болдық. Сол кезде Диана алдыңғы қатарда отыр екен. Көрермендермен ойын деген айдар бар еді. Сол кезде көзім түсті", - деді актер.
Жары Диананың айтуынша, концерттен соң Абай үшінші адам арқылы телефон нөмірін сұратқан. Осылайша таныстық басталған.
"Диана ол кезде мені танымайды екен. Концертке де құрбыларымен адасып келіп қалыпты. Кейін телефонмен сөлесіп, сосын кездесуге шақырып жүріп таныстық. Менің пәтеріме келіп, кірімді жуып, тамағымды жасап, әйелім секілді жүрдік. Қазіргідей ұсыныс та жасаған жоқпын. Жай ғана үйленейік дедім. Ол келісті", - деді Аязбаев.
Диана мен Абайдың айтуынша, той аяқ астынан жоспарланып, тез арада өте шыққан. Осылайша 30 жастағы Абай өзіне 8 жас кіші қызды жар етті. Бүгінде үш баланың әкесі.
"Тойды 600 адамға жасағанбыз. Бірақ 800 адам келді. Бірі кіріп, бірі шығып, той қызықты өтті. Танымал әншілер, өнердегі достарым келді", - дейді әзілкеш.
Диана қаланың қызы болғанымен үйде ауыл келінінің міндетін атқарамын дейді. Аязбаевтар әулеті үлкен. Сондықтан өзіне ақыл айтушылар да, абысын-жеңгелері де көп.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
