Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концерт берген ШаҺизада киімдерін сахнада тұрып ауыстырды

“Аққу арман” атты әні әнші Шаһизада Байпатшанованы елге танытып, жұлдызын жақты. Бүгінде өнер иесінің ән әлемінде жүргеніне 30 жыл толды. Ол осыған орай концерт беруді жөн көріпті.

14717382_293129927753092_3735462919962361856_n

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осы бір атаулы мерекесін әнші 16 жыл бойы күтті.  Сондықтан болар, мерейтойлық кешін ел есінде қалатындай етіп жасауға тырысыпты. Ол үшін әнші қаржысын аямапты. Сөйтіп, миллиондап қаржы шығарып, еліміздегі ең таңдаулы деген мамандарды жалдапты. “40-50 шақты адам жүгіріп жүр. Біреуі анауымды әкеп береді, екіншісі тағы бір нәрсемді, – деп ШаҺизада қасында жүрген көмекшілерінің еңбегін ерекше бағалады.

Бет-әлпетін әрлеп, шашын түзетуге бір жарым сағат бойы аяқтарынан тік тұрып бірнеше маман әншіні сахнаға дайындаған. Әнші Шаһизаданың 30 жылдық концертінде орындалатын әндерінің арасында үш бірдей стилист не бәрі 2 минуттың ішінде әншіні киіндіріп үлгеруі керек екен. “Кеш жүргізушісі болмайды. Сондықтан да әншіні жылдам киіндіру біздің мойнымызда. Бірнеше көйлекті ұнатпады. Бұйымдарды да сәйкестендіріп кигізіп отырамыз”, – дейді стилист Әзиза Саимова.

Шаһизаданың кеш бойы сахнаға жарқырап шығуын стилист Әзизаның өзі жіті қадағалап тұрды. Себебі, әншінің алты ай бойы шоу-концертке киетін киімдерін аса жоғары талғаммен таңдап берген де осы ару. Жылтыраған таспен көмкерілген көйлектерінің ең арзаны 300 мың теңгені құрайтын көрінеді.

Кештің шымылдығын әнші «Уақыт» деген әнмен ашты. Кейін жаңа туындылары «Айна», «Туған жерді» орындағанда халық қолдап, қолпаштап отырды. Тіпті, эстрада жұлдыздары: Бүркіт, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Әлішер Кәрімов, Қайрат Нұртаспен бірге дуэт те айтты. Екі сағат ішінде әнші 22 әнді фонограммасыз орындады. Өнеріне риза болған халық та гүл шоқтарын аямады. Ал, әнші Жеңіс Ысқақова болса, әріптесіне сыйлығын сахнада емес, боянатын бөлмеде жеке табыс етті.


Жіберіп алмаңыз:

Депардьемен бір төсекте: Қазақстандық актриса интимді суретін жариялады

Екі баланы дүниеге әкелген Динара Сәтжан мінсіз денесін көрсетті

Баспасөзге шолу. Роза Рымбаева барлық туысына Алматыдан пәтер алып берген

Айдана Меденованың күйеуі: Ол мен ойлағандай қыз болмады

Талқылау