Қонақтардың көңілін көтеру үшін: Шымкенттегі қонақүйде арыстанның күшігін шынжырмен байлап ұстаған
Әлеуметтік желілерде қонақтардың көңілін көтеру үшін арыстанның күшігін (абдан) ұстаған Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінің әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.
Қонақтар мен қонақ үй қызметкерлері жабайы аңмен фотосессиялар ұйымдастырған. Фотосуреттердің біріннен абданның шынжырға байланғанын көруге болады.
- "Өзім атып алғанмын": Сирек жануарлардың терісін төсеп қойған академия басшысының суреті қызу талқыға түсті
- Арыстандар туралы 20 қызықты дерек
Аталған жағдайға полиция түсініктеме берді.
"20 қаңтарда Шымкент қаласы ПД әл-Фараби АІІБ қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жағдайлар анықталуда және абданның орналасқан жері анықталды", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Ержан Пайызбеков.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”