Шымкентке қонаққа келген отбасы уланып, сәбиінен айырылды: Бұның себебі не

Ордабасы ауданынан туысқандарының үйіне қонаққа келген отбасы уланып қалған. Гипербарикалық оксигенация орталығында екі бала және екі ересек адам түскен. Олардың кіші баласы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

дезинфекция

«13 ақпанда, таңертеңгі сағат 7:45-те 2017 және 2014 жылдары туған екі бүлдіршін Шымкент қаласындағы Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигентация орталығына жеткізілді, анықталмаған ауыр заттардың уынан, 2-ден 3-ші дәрежелі токсикалық есеңгіреу және тағамдық улану алған деген күмән бар. Балалар зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатқан реанимация бөліміне жатқызылды. Оларға толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ ұқсас диагнозбен аталған мекен-жайдан 2000 және 2002 жылы туған екі тұрғын жеткізілді. Біз тексеру жүргізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды үйге жіберідік. Дәрігерлер бұл науқастар туралы мәліметтерді тұрғылықты жеріндегі емханаға жеткізді », - гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова.

«Север» шағын ауданындағы сол пәтерден 2019 жылы туған баланы ата-анасы қалалық жұқпалы аурулар жедел жәрдем бөліміне клиникалық өлім жағдайында жеткізген, дәрігерлер баланың көз жұмды жеткізді. Марқұм болған бала - Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны болған. Отбасының басқа мүшелері белгісіз заттармен улану диагнозымен ауруханада жатыр.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ анализаторын пайдаланып, бөлмені тексерді. Көмірқышқыл газы анықталмапты. Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің қызметкерлері тамақ өнімдерін сараптамға жіберу үшін қабылдады.

Улану себебі төменгі қабатта орналасқан пәтерді қандаладан залалсыздандыру болды деген күдік бар. Нәтиже шықпай тұрып, қорытынды шығаруға әлі ерте.

"Шымкент қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бөлімі ескертеді! Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Дезинфекциялық заттармен уланбау үшін біздің кеңестерімізге назар аударыңыздар! Егер үйде әртүрлі жәндіктер мен кеміргіштер пайда болса, үй-жайларды өзіңіз зарарсыздандырмаңыз!  Зиянкестерден өзідігінен зарарсыздандыру сіздің денсаулығыңызға және туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Үйді жәндіктер мен кеміргіштерден зарарсыздандырмас бұрын келесі ережелерді есте сақтаңыз:

- Біріншіден, зиянкестерге қарсы дезинфекция жүргізетіндігіңіз туралы көршілеріңізге міндетті түрде хабарлаңыз!

- Өңдеуді дезинфекция, дезинсекция және дезинфекциялау бойынша кәсіби даярлығын растайтын сертификаты бар білікті маман жүргізуі керек;

- Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялық заттарды ғана жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы қолданып, жарамдылық мерзімін тексеріп, дезинфекциялық заттардың мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін талап ету керек.

Дезинфекциялық құралдар қауіп-қатерге байланысты әр түрлі кластарға бөлінеді, сондықтан дезинфекциялық заттарды сатып алу кезінде мамандармен кеңесу керек!", - деп ескертті мамандар

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та білім алып жүрген журналист: Кез келген қазақ америкалық бола алады, ал америкалық қазақ бола алмайды

АҚШ-тың білім жүйесі несімен ерекшеленеді, америкалықтар ұлтаралық неке жайлы не ойлайды және қазақтарға олардан не үйрену керек?

Бағлан Әбдірайымов 10 мың теңгеден кітап сатудың себебін түсіндірді

Әнші Бағлан Әбдірайымов түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастыру арқылы кітабын сатып жүр

Семейде денесіне цефтриаксон егілген азамат комаға түсті

50 жастағы азаматтың дәріге қарсы реакциясы пайда болған

Коронавирус тағы үш елде тіркелді

Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады

Бұған қоса кейбір аймақтарға жауын-шашын түседі

"Димашқа қатты қызықпауға тырысамын": Нұрлан Қоянбаев шоу-бизнестегі әріптестері мен елдің болашағы туралы

Продюсер: "Нұрлан, киноға баруға ақшамыз жоқ" дегенде қатты уайымдап кетемін

Қазақстанда 13 жасында жұмысқа кіргізем деп алдап, жезөкшелікке салған

Құлдық бойынша жиһанның 167 мемлекетінің арасында Қазақстан 83 орында

«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр

Жапониялық лайнерде болған қазақстандық 4 азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласына Токиодан тағы 16 азамат ұшып келген

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Аймақтағы спортты дамытуға бөлінетін қаржының тең жартысы футболға жұмсалады екен
Çàãðóçêà...