Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы құрылыстардың бірінде африкалық мигранттар заңсыз жұмыс істеген

Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде Африкадан келген заңсыз мигранттар жұмыс істеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Қонаев қаласындағы мектеп құрылысында заңсыз жұмыс істеген 9 Нигерия және 2 Камерун елдерінің азаматы анықталды.

“Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Қазір жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде”, – делінген полиция хабарламадасында.

Дана Русланқызы
Жұма, 23 Маусым, 2023 21:01