Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласында Жас геологтардың І Республикалық далалық олимпиадасының ресми жабылу рәсімі өтеді

2023 жылғы 13 шілдеде сағат 19:00-де Қонаев қаласында Жас геологтардың І Республикалық далалық олимпиадасының ресми жабылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олимпиадаға 16 команда, 200-ден аса оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін далалық жағдайда көрсетті.

Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары - Жастарды кәсіптік бейімдеу, білім алушылардың геологиялық ғылымдарды зерттеуге қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Іс-шараны "Kazakhmys Barlau" ЖШС және "Жас геолог" корпоративтік қоры, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys корпорациясы, "ERG" ЖШС, Kazzinc" ЖШС ұйымдастырды.

Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Утебаев атындағы мұнай және газ Атырау университетің геологиялық мамандықтарына 9 грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Өткізу орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

Талқылау