Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы базарда HUGO BOSS брендінің шағымынан кейін тексеріс жүргізілді

Алматы базарында кәсіпкер HUGO BOSS брендік киімдердің көшірмесін түпнұсқадан 300% арзан сатқан. 8 тамызда Алматы қалалық Әділет департаментінің қызметкерлері "HUGO BOSS" киімдерін заңсыз сатқан саудагердің жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әділет министрлігі

Ведомствоның мәліметінше, "HUGO BOSS AG" компаниясының өкілі департаменттен Алматы базарында ерлер киімін көтерме бағамен сататын сауда орнын тексеруді сұрап, шағым түсірді. Нәтижесінде, кәсіпкердің "HUGO BOSS" сауда белгісін заңсыз пайдаланғаны анықталды. Дүкеннен жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асатын 1600 дана контрафактілік тауар тәркіленді.

Сондай-ақ кәсіпкер киімдердің көшірмесін Қазақстанның барлық өңіріне 300% арзан сатқан.

“Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 158-бабы бойынша айыпталушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Бұл бап бойынша тауарлар тәркіленіп, кәсіпкер 80 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін”, – делінген хабарламада.



Әділет органдары зияткерлік меншік саласы бағытындағы жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Бұған дейін белгілі академик Димаш Құдайбергенге құнды жәдігердің көшірмесін сыйлаған еді.

Талқылау