Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Компания қателігінен 286 есе көп жалақы алған ер адам ақшаны қайтарудан бас тартқан

Чилиде компания ер адамға өз жалақысынан 286 есе көп жалақыны қателесіп аударып жіберген. Кейін ер адам байланысқа шығуды доғарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Central басылымына сілтеме жасап. 

песо

Ер адамның жалақысы 500 мың Чили песосы болған. Мұның орнына оған 165,4 миллион песо аударып жіберген. Келесі күні ол жұмыс берушімен байланысқа шығып, келесі күні банкке барып ақшаны қайтаратынын айтқан. 

Алайда ер адам байланысқа шығуды доғарып, кейін жұмыстан кету туралы өтініш жолдаған. Болған оқиғадан кейін компания ер адамды сотқа беріп, ақшаны заңсыз иемденді деп айыптамақшы.

Талқылау