Коммуналдық қарызы барлар қажылыққа жіберілмейтін болды
Өзбекстанда коммуналдық қарызы барлар қасиетті сапарға аттана алмайтын болды. Бұл жайында Ташкент шаһарының бас имам-хатыбы Әнуар Тұрсынов мәлім етті.
Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.
Қажылыққа 40-тан асқандар ғана баратын болды. Оның айтуынша, қарызы барлар қажылыққа бара алмайды, өйткені, қарыз қайтармау дінімізде күнәлардың бірі болып табылады.
“Мұндай адамның қажылығы қабылданбайды”,- деп кесіп айтты ол.
“Біз ондай адамдарды ұшақты маңына да жолатпауымыз керек. Біз судың әр тамшысы үшін Алла алдында жауап береміз. Мұны әрбір мұсылман түсінуі тиіс”, – деген ол мұсылмандарды судың, газдың және электр энергиясы бойынша жинақталып қалған қарызды төлеуге шақырды.
Айта кетейік, аталған елде жеке және заңды тұлғалардың газ мен электр энергиясын тұтынғаны үшін жинақталған қаржының мөлшері жаға ұстатады: 1,25 миллиард долларға жеткен.
Оқи отырыңыз:
Қырғызстанда тура шекарада қанды теракті жасамақ болғандар қолға түсті
Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды
Брэд Питт екі әйелмен бірдей кездесіп жүр
БАӘ ханшайымдары қызметшілерін кемсіткендері үшін жазаға кесілді