"Көміп, үстіне ат байлап қойған": Жетісайда екі ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті ауылдасының ауласынан табылды
Коллаж Stan.kz
Жетісайда екі ай бұрын жоғалған 38 жастағы Айгерім Әжікееванің мәйіті ауылдасының ауласынан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марқұм әйелді шарқ ұрып іздеген ата-анасы күдікті қыздарын азаптап өлтіріп, жасыру үшін бейіттің жанына жылқы байлап қойғанын айтады. Марқұмның анасы Мейрамгүл Бердалиева қызын қаңтардың жиырма сегізіне жұмысқа шығарып салған. Алайда, 38 жастағы Айгерім сол күйі оралмапты. Бір жамандықты сезген ана бірден полицияға шағымданыпты. Арада екі апта өткенде келіншектің мәйіті көрші көшедегі ер адамның үй жағынан табылған.
"Қолы шығып қалған дейді. Үйдің артына көмген. Сөйткен де үстіне топырақты сеуіп тастаған да, үстіне шөп қойған. Шөптің үстіне атты байлап қойған. Тыр жалаңаш көміп тастаған. Үсті-басының бәрі лай. Мұрнынан қан ағып жатыр. Тілін тістеп қалған. Енді қорлықпен өлтірген қызымды", – дейді марқұмның анасы Мейрамгүл Бердалиева.
Қара жамылған отбасы күдіктінің бұған дейін екі рет адам өлтіріп сотталғанын айтады. Ал Әйгерімді өлтіруіне қарызын сұрап келуі себеп болды деп түсіндірген. Бұған сенбейміз деген қаралы отбасы сол күні келіншектің үйден 420 мың теңге алып кеткенін айтады. Алайда, қазып алғанда ақша тұрмақ әйелдің үстінде киім де болмаған.
"Басында өте үлкен ісік болды. Бүйір, арқа, жауырын түгел көгеріп кеткен. Экспертизада қылқындырды деп отыр. Біз оған сенбейміз. Ешқандай да жіптің ізі жоқ мойнында. Үш пышақтың белгісі. Мойнынан былай көгерген. Ұрған, тепкен. Бір адам өлтірді дегенге сенбейміз. Қылмыскердің қасында екі адам болған. Сол екі адамды табуын талап етеміз", – дейді марқұмның сіңлісі Ұлтуар Әжікеева.
Әжікеева жоғалған күні-ақ анасы қызының мәйіті табылған үй иесінен күдіктенген. Бірақ полицейлер оны ұстауға асықпады дейді. Тек екі апта өтіп дене анықталған күні ғана ер адам тәртіп сақшыларына өзі беріліпті.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті, яғни жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол бірден қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде болған”Марқұмның анасы күдіктінің қызынан 10 жыл бойы ақша бопсалап келгенін енді ғана білгенін айтады. Әйгерім көкпар ойыны кезінде сауда-саттық жасап нәпақа тауып келген. 2 және 3 топ мүгедегі есебінде тұрған ата-анасын жалғыз өзі баққан әйелдің отбасы жоқ", – делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
